KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 1 м/с, Ю
514.31 603.03 6.4

Қаңтар оқиғасы: Өскеменде 13 адамға қатысты сот үкімі шықты

13.09.2022, 10:14 336

9 қыркүйек күні Өскемен қалалық соты қаңтар оқиғасына қатысқан 13 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кету керек, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 272-бабы 2-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігі ("жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу", "есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау") бойынша қаралған.

-        Жеңілдетілген жағдайларды ескере отырып,  5 сотталушыға пробациялық бақылау белгілеп, шартты түрде 3 жыл бас бостандығынан айыру, 7 сотталушыға пробациялық бақылау белгілеп, шартты түрде 4 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ күдіктінің әрекеттерінде 1 қылмыстың қайталануына байланысты сот 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу