Өскеменде полиция қызметкері көлікпен бағанға соғылды
Жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні сағат 11:40-та Қазыбек би даңғылының бойындағы №40 үйдің жанында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.
Жеңіл автокөлік екінші жолақта келе жатып, күрт жылдамдықты асырады да, қарама-қарсы жолақты басып өтіп, көгалға шығып қалады. Сол жерде шам бағанына соғылған.
Абырой болғанда, дәл осы уақытта тас жолда басқа көліктер болмаған екен. Оқиғаға куә болған адамдар көмекке жүгіріп жетеді. Алайда автокөлік қатты зақымданса да, полиция формасын киген жүргізуші аман қалыпты. Ол көліктен өзі шығып, полиция шақыртыпты.
Айтуынша,түнгі кезекшіліктен шығып, көлік тізігінінде ұйықтап кеткен екен.