Бір жылда 2 студент өз-өзіне қол жұмсаған - ШҚО
ШҚО-да өткен 2022 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлықтың 8 жағдайы тіркелген. Оның екеуі қайғылы жағдаймен аяқталды.
Өзіне-өзі қол жұмсамақ болғандар арасында 4 колледж студенті, мүзету мекемесінің тәрбиеленушілері мен орта мектеп оқушысы бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО білім басқармасының ақпаратына сүйенсек, биыл кәмелетке толмағандар арасында суицидтің мінез — құлық фактілері 82 пайызға төмендеген.
- Жыл сайын қалалық әлеуметтік-психологиялық қызметке әртүрлі мәселелер бойынша шамамен 1600-1800 өтініш келіп түседі. Оның ішінде, балалар мен ата-аналар арасындағы проблемаларды жиі кездестіреміз, - дейді Қалалық әлеуметтік-психологиялық қызметтің жетекшісі Лилия Куземко.
Оқи отырыңыз