KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 3 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты

Мерей Қайнарұлының суреті

19.01.2023, 10:01 790 Ләззат Қанатқызы

19 қаңтар күні сағат 06.54 шамасында Риддер жылу электр орталығынан өрт шықты. Кәсіпорын басышылығының айтуынша, қазір тілсіз жау толықтай ауыздықталған.

Болған оқыс оқиға салдарынан жылу желісінің температурасы тағы төмендейтін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жылу электр орталығындағы цехтардың бірінен өрт шықты. Зардап шеккен ешкім жоқ, өрт толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Айта кетейік, жылу желісінің температурасы уақытша төмендейтін болады, - деді "Риддер ЖЭО" АҚ президенті Әл-Тайыр Сыздықов.

Оқиға орнына шұғыл түрде облыс әкімі Даниал Ахметов барған. Толықтай ресми ақпаратты облыстық ТЖ штабы беретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив