KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Өскемендегі қыздар төбелесі: мектеп оқушысы есепке алынды

5.04.2023, 18:03 2 577 Ләззат Қанатқызы

2 күннен бері әлеуметтік желілерде жас қыздардың төбелескен видеосы таралды. Бейнежазбада белгісіз қыз бала екінші қызды аяусыз соққыға жықты.

Қыздардың кәмелет жасқа толмағаны, ал жасөспірім қызды соққыға жыққан ару қаладағы мектептердің бірінде оқитыны белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ мұндай жағдай алғаш рет орын алмағаны, зардап шеккен қызға осы уақытқа дейін де қоқан-лоқы көрсетілгені анықталып отыр. Тіпті оған дәлел болатын бейнежазбалар да табылған.

Қазіргі таңда мектеп оқушысы есепке алынып, онымен психологтар, құқық қорғау органдарының өкілдері және мектеп әкімшілігі жұмыс істеп жатыр.

– Мектепте 5-11 сынып аралығындағы барлық оқушылармен осындай жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Оларға заңнама нормалары мен құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсіндірілуде. Сонымен қатар мектепте басқа оқушыларға қатысты қорқыту фактілері жоқ екенін атап өтемін. Егер қажет болған жағдайда балалармен психолог жұмыс істейтін болады, – дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

Айта кету керек, оқушыны мектептен шығару қарастырылған жоқ, ол қазір 9-сыныпта болғандықтан, оқуын аяқтауға мүмкіндік берілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу