Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты
Өскемендегі автобустардың бірінің кондукторы жолаушыны соққыға жықты. Зардап шеккен әйел қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 13 қарашада болған. Полицияға 30 жастағы қала тұрғыны арызданды. Айтуынша, автобустың кондукторы оны бел тұсынан соққы жасап, денсаулығына зиян келтірген.
63 жастағы кондукторға қатысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз