ШҚО-да балықшылар мұз астына кетіп қала жаздады
13 сәуір күні екі балықшы Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жердегі Зайсан көлінде жұқа мұз бетіне шығып, кешқұрым уақыттақайтып оралмақ болған. Алайда мұз бөлініп, жағадан 500-800 метр қашықтықта, су бетінде қалып қояды.
Олардың көмек сұрап айқайлағанын естіп, оқиға орнына келген жергілікті тұрғындар өз бетінше көмек көрсете алмағандықтан құтқарушыларға жүгінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Себебі мұзда қайықпен жүру мүмкін емес, ал жаяу өту өте қауіпті болды.
Десе де, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекеті арқасында 1979 және 1978 жылғыбалықшылар аман-есен жағаға шықты.
Балықшылардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.
ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шаралары мен құтқарушылардың ұсыныстарына немқұрайды қарамауын сұрайды. Қандайда бір төтенше жағдайға ұшырасаңыз, 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.