ШҚО-да құтқарушылар балықшыларға көмекке келді

Бұқтырма жағалауындағы мұз бөлініп кетіп, екі балықшы сеңнің үстінде қалып қойды.
Оқиға Самар ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Төтенше жағдайға тап болған балықшыларға құтқарушылар көмек келді.
«Жедел жеткен құтқарушылар 1966 және 1975 жылы туған ер-азаматтарды құтқарды. Құтқарушылар балықшыларға резеңке қайықпен жетіп, құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға аман-есен алып шықты. Медициналық көмек қажет болмады, деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.
Оқи отырыңыз