KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

«Қазақстан» шахтасында хабарсыз кеткен бес кенші әлі табылған жоқ

Фото: gov.kz

17.08.2023, 18:02 327

«Қазақстан» шахтасында жер астынан хабарсыз кеткен кеншілер әлі табылған жоқ, іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға қою түтін кедергі келтіруде.

Бұл туралы Арселор Миттал Теміртау тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Сағат 16:40 жағдай бойынша 5 жұмысшы іздестіріліп жатыр. Іздеу жұмыстарымен диспозиция бойынша шахтада орналасқан 12 бөлімшенің 5-уі айналысады. Жұмысшыларды іздеуге тау-кен орнындағы қалың түтін кедергі келтіріп отыр. Қосымша ақпарат тағы береміз, - деді Сергей Огай видео түсініктемеде.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында шахта өртеніп, 227 адам эвакуацияланған болатын.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу