ШҚО: Кәсіпорындар 400-ге жуық жұмысшының еңбекақысын бермеген
Фото: atr.kz
Ағымдағы жылы өңірдегі 103 кәсіпорын өз жұмысшыларына еңбекақы бойынша қарыз болғаны анықталды. Яғни мыңнан астам қарапайым қызметкер алдындағы кәсіпорынның қарызы 800 миллион теңгеден асып жығылды.
Бұл туралы ШҚО Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытбек Қизатов айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазіргі күні кәсіпорындардың жұмысшылар алдындағы берешегі 280 миллион теңгеге азайған.
- Жыл басынан бері облыста 103 кәсіпорнын 1000-нан астам қызметкерге еңбекақы бойынша берешек екенін анықтадық. Оның жалпы соммасы 800 миллион теңгеден астам болған. Қабылданған шаралардың арқасында 101 кәсіпорын өз қарызынан толықтай құтылды. Жұмысшыларға 530 миллион теңгеден астам ақша төленді. Бүгінгі таңда 280 миллионнан астам қарыз бар, - деп атап өтті Бақытбек Қизатов.
Яғни өз берешегінен құтылмаған аймақтың екі кәсіпорны 383 қызметкерге еңбекақы төлеуі керек.
Оқи отырыңыз