KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Өскеменде 6 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған

8.11.2022, 14:03 454 Ләззат Қанатқызы

8 қараша күні сағат 10-41 шамасында Өскемен қаласының алты мектебінде жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабар түсе салысымен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына жіберіліп, қызметкерлер мен  оқушылар эвакуацияланды. Объектілерді тексеру нәтижесінде қандайда бір қауіпті заттар табылған жоқ.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта жарылғыш құрылғы туралы көрінеу жалған хабарлама таратқан адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

- Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудыратынын және оның ықтимал салдарларын ескере отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу