KZ
Өскемен
-19°
туман жел 2 м/с, СБ
514.31 603.03 6.4

12 ауылдық елді мекенде су басу қаупі бар – ШҚО

21.11.2022, 12:03 891 Ләззат Қанатқызы

Өңірдің 12 ауылдық елді мекенінде су басу қаупі сақталған.

Бұл туралы облыс жұртшылығымен кездесу барысында ҚР ТЖ вице-министрі Марат Күлдіков айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Су тасқыны қаупі қазір бірнеше ауылдар мен кенттерде алыныс тасталған көрінеді.

- Барлығы 59 елді мекенде су басу қаупі сейілді. Ол жерлерде 14 мыңға жуық адам қоныстанған 5 мыңға жуық тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта қауіп Глубокое, Тарбағатай аудандары мен Алтай ауданының 12 ауылында сақталып отыр, - дейді Марат Күлдіков.

Вице-министрдің айтуынша, ШҚО-да су қорғау аймағында барлығы 34 елді мекен бар, онда төрт мыңнан астам тұрғын үй мен 12 мыңнан астам адам тұрады. Ал, су қорғау белдеуінде - 19 елді мекен бар, онда төрт мыңнан астам ауыл тұрғыны тұратын 995 тұрғын үй бар.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу