Белсенділер Тоқаевтың бағдарламасын талқылады
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңында белсенділер Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.
«Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды.
«Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастардың өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», - деді ол.
«Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс.
«Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау процестеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді», – деді Арсланбек Мағзұм.