Өскеменде Қасым-Жомарт Тоқаевтың 39 сенімді өкілі бар
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Сайлауалды кезеңде Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өскеменде 39 сенімді өкілі болады. Бұл туралы брифингте «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Венера Мусина мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеген болатын. Осыдан кейін республикалық қоғамдық штаб құрылды. Аталмыш қоғамдық штабтыңӨскемендегі жетекшісі Сергей Солдатовтың айтуынша, заңға сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын 11 мамыр күні сағат 18:00-ден кейін басталады.
– Біз алдағы уақытта өтетін Президент сайлауына атүсті қарамауымыз керек. Оның үстіне, саяси науқанның әділ әрі ашық түрде өтуіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі кепілдік беретінін айтып өтті, - дейді Сергей Солдатов.