Ольга Рыпакова: Әрбір тұрғын өз таңдауын жасауы керек
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова сайлауда өз таңдауын жасады.
Атақты спортшы ЖМК шағын ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Ел тұрғындары, азаматтық белсенділік танытып, бірігіп, еліміздің бейбіт, тұрақты, өркендеп, дамуы үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек деген пікірдемін. Мен үшін отбасымның, балаларымның және еліміздің болашағы өте маңызды. Сондықтан өз таңдауымды жасадым. Осылайша ел алдындағы азаматтық борышымды орындадым деп ойлаймын, - деді Ольга Рыпакова.
Спортшы барлық тұрғындарға тыныштық, тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тіледі.
Оқи отырыңыз