KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Ольга Рыпакова сайлауға ерте келіп дауыс берді

10.01.2021, 09:06 264

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бүгін сайлауға келіп  өз таңдауын жасады. Спортшы мұны өзінің азаматтық парызы санайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Рыпакова Өскемендегі № 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне тіркелген. 
Кәмелеттік жасқа толғаннан бері ол бірде-бір сайлаудан қалмағанын айтады. Тіпті Қазақстаннан жырақ, жарыстарға кеткенде де, әркез өз таңдауын жасап үлгеріп жүрген. 

Айтулы додаларда ел намысын қорғап, жастарға үлгі болған спортшы сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді. 

— Сайлау - елдің болашағы үшін маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өз дауысымды таңдаулы кандидатыма бердім.  Қазір де елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар,бағдарламалар атқарылып жатыр ғой, дегенмен сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретініне сенімдімін. 

Осылайша елдің болашағы баянды, ертеңі жарқын болуы үшін спортшы ерте тұрып сайлауға келді. Сондай-ақ, ел тағдырын халық болып шешетін тарихи күнде өзге азаматтарды да дауыс беруге шақырды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу