Өскеменде әжелер әулеттік дәстүрмен келіп дауыс берді
Өскемен қаласының №112 сайлау учаскесінде тұрғындар өз таңдауын жасады.
Осы ауданның әжелері әулеттік дәстүрге сай бала-шағасын, немересін ерте келіп дауыс беріп, береке мен бірліктің үлгісін көрсетті, деп хабарлайды Altaynews.kz.
Бұл сайлау учаскесіне ағылған жұрттың қарасы көп. Солардың арасында қолдарына жалауша алып, бала-шаға, немересін ерте келген әжелер тобы саяси науқанды мерекеге айналдырды. Әні мен сәні жарасқан әжелер әлеуметтің көңілін көтерді. Жастарға ақыл айтып, жол көрсетер әжелер инситутының әлі де бар екенін паш етті.
Жалпы №112 сайлау учаскесінде 2236 адам дауыс беруге тиіс болса, таңғы 7.00-ден бастап бір сағатта 200-ден астам сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерген.
Қапалақтап жауған қарға қарамастан сайлау учаскесіне келіп жатқан жұрттың қарасы көп. Белсенділігі жоғары.
Қызырбек ДҮРГІНБАЙҰЛЫ