Exit poll: «СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының қорытындысы
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялады.
Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Оның қорытындысы төмендегідей:
Қарақат Әбден – 2,84%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;
Жигули Дайрабаев – 3,68%;
Мейрам Қажыкен - 2,62%;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;
Бәріне қарсымын – 4,22%.
Естеріңізге сала кетейік, президенттік сайлауда Еxit poll әдісімен сауалнамаларды "Аманат" партиясы жанындағы Қоғамдық саясат Институты, "Социс-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты және "Ашық қоғам" өңірлік зерттеулер халықаралық институты жүргізген.