KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Еxit poll нәтижесі осындай

10.06.2019, 03:42 262

Еxit poll нәтижесі бойынша бүгін Президенттің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 69,94 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.

 Бұл туралы елордада өткен брифингте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Талғат Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

 «Exit poll нәтижесі бойынша кандидаттарға дауыс былайша бөлінді: Жамбыл Ахметбеков -   3,06 процент, Дания Еспаева - 4,78 процент, Әміржан Қосанов -  14,96 процент, Төлеутай Рахымбеков - 2,71 процент, Амангелді Таспихов  - 2,63 процент, Қасым-Жомарт Тоқаев -  69,94 процент, Сәдібек Түгел - 1,92 процент», - деді брифингте «Жастар» орталығының басшысы. 

 Талғат Қалиевтің айтуына қарағанда, Exit poll бүгін таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жүргізіліп, онда сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушы сұралған.

 «Республика бойынша 12 мың сайлаушы сауалға жауап берді. Қазақстанның барлық аймақтарындағы 300 сайлау учаскесінде респонденттерден жауап алынды», - деді ол.  

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталып, дауыс санау басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім еткендей, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстандағы сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді.

 Ресми нәтижені Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес, дауыс берудің нәтижесін 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Exit poll - дауыс берген сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізудің бір тәсілі. Соның негізінде сайлаудың нәтижесіне болжам жасалады.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу