KZ
Өскемен
-17°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
509.63 592.34 6.54

Жастар жарыса дауыс беріп жатыр – Өскемен

19.03.2023, 11:15 361 Оразай Жеңісұлы

Өскемендегі №32 учаскеде сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Жас техниктер станциясында, әсіресе, дауыс беріп жатқан жастардың қатары мығым, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Аға буын өкілдері бұл үрдіске ерекше риза екендіктерін жеткізді.

– Мен әрқашан белсенді азаматтық ұстаным жағындамын. Жалпы, біздің қатарластырымыз көптеген ірі елдік істердің куәсі болды, сондықтан болар мұндай іс-шараларға жауапкершілікпен қарайды. Алайда мен осы жолы дауыс беруге келген жастар көп екенін байқап отырмын. Бұл қуанышты жаңалық. Себебі жаңа бастамалар, тың идеялар, өзгерістер қашан да жастардың қатысуымен болады, – дейді қала тұрғыны Любовь Аненькова.

Еске салайық, бүгін ел тұрғындары Мәжіліс және мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге дауыс беріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу