KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Азиада-2023: Бүгін 38 медаль сарапқа салынады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

25.09.2023, 09:35 214 Ләззат Қанатқызы

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарының жарысы жалғасып жатыр: бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38  медаль сарапқа салынады.

Бүгін спорттық гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, садақ ату, ескек есу, скейтбординг, дзюдо, жүзу, таэквондо мен ушу бойынша финал ойындары өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазір Азия ойындарында 20 алтын медаль олжалап үлгерген ҚХР көш бастап тұр. Екінші орында – Оңтүстік Корея командасы болса, үшінші сатыда Жапония тұр. Қазақстан әзірге 10-орында тұр.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында спорттың 61 түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша жүлдеге таласады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу