Азиада-2023: Қазақстан қоржынына үшінші жүлде түсті
Фото: kaz.inform.kz
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына үшінші медаль түсті
Ел құрамасынан Никита Чирюкин оқ атудан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ол тапаншадан 25 метрге жылдам көздеу сайысында үздік үштікті түйіндеді.
Бұл бәсекеде бірінші орын қытайлық Юхон Лиге бұйырса, екінші орынға сол елдің тағы бір өкілі Янгпан Лю ие болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан дзюдодан Абиба Әбужақынова (48 келі) күміс, Мағжан Шамшадин (60 келі) қола жүлде алған болатын.
Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет (262 ер, 262 әйел) алып барды.