Шығысқазақстандық полицей грэпплингтен Қазақстан чемпионы атанды
3-4 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Грэпплинг спорттық күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, оның нәтижесі бойынша әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрама құрылды.
Спорт додасы екі күн бойы өтті, бірінші күні - кимоносыз, екінші күні - кимономен. Аталған чемпионатқа 300-ге жуық спортшы қатысты.
Бұл турнирге ШҚО командасынан 14 спортшы келді, олардың арасында ШҚО ПД ЖҚАЖ взвод командирі полиция капитаны Нұрбек Серікұлы Мұрсалімов болды.
Күрестің алғашқы күні - кимоносыз жарыста Нұрбек 4 жекпе-жек өткізіп, оның 3-ін мерзімінен бұрын аяқтап, ұрыс техникасын ұтымды пайдалана отырып, қарсыластарына жеңілісті мойындауға мәжбүр етті.
Финалда елордалық тәжірибелі спортшы Маулен Апендиннен ұпай саны бойынша минималды басымдықпен ұтылып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Чемпионаттың екінші күні- «кимономен» жарыста Нұрбек 4 жекпе-жек өткізіп, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңу арқылы 4 жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.