KZ
Өскемен
+11°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Скандинавиялық жүрістен облыс құрамасын құруды ұсынды

5.01.2024, 15:13 426 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанның скандинавиялық жаяу жүрістен облыстық және республикалық жарыстарға жеке команда болып қатысатын өз құрамасы болуы қажет. Мұндай бастаманы өскемендік зейнеткер Әбілқайыр Иманбеков көтерді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Өткен жылы Алматыда скандинавиялық жүрістен Әлем кубогының кезеңі өткен болатын. Сол жарысқа Өскемен қаласынан 15 адам қатысты. Екеуі өз санаттарында қола жүлдеге қол жеткізсе, тағы бірнешеуі төртінші орынға ие болды. Сондықтан ел ағаларынан 2024 жылғы Әлем кубогының кезеңдеріне қатысу үшін бес адамнан тұратын облыс құрамасын құруды сұраймыз, – деді Әбілқайыр Иманбеков облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапановпен және спорт басқармасының басшысы Асқар Можановпен кездесуде.

Жалпы, Өскеменде осы бір спорт түрінің танымалдығы уақыт өткен сайын артуда. Бұған аталмыш спортқа ден қойғандардың санына қарап-ақ көз жеткізуге болады. Қазір облыс орталығында ғана скандинавиялық жаяу жүріспен шұғылданатындардың саны бірнеше жүз адамды құрайды.
Мамандардың айтуынша, скандинавиялық жүріс көп дайындықты қажет етпейді, нұсқаушымен өткізген бірнеше сабақтың өзі жеткілікті. Спортшылардың жасына да шектеу жоқ. Бұл спорт түрімен кез-келген адам шұғылдана алады. Оның үстіне, скандинавиялық жүрістің денсаулыққа пайдасы зор.

– Оның емдік-сауықтыру қасиеті де мол, мәселен, артық салмақтан арылуға көмектесіп, тыныс алуды жақсартады, сондай-ақ жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттеуге көмектеседі, – дейді мамандар.

Әбілқайыр Иманбеков алдағы уақытта облыс орталығында скандинавиялық жаяу жүрістен марафон ұйымдастыруды да ұсынды. Оның айтуынша, жоспарлы марафон Самал саябағынан басталып, Өзен бекетінде аяқталмақ.

Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив