KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.16 480.39 4.94

Шығыстың боксшы қызы әлем чемпионатына жолдама алды

23.02.2021, 15:03 221

2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында Алматыда өткен республикалық жарыста Шығыс Қазақстанның атынан Айшагүл Елеубаева лайықты өнер көрсетті.
Спортшының жаттықтырушысы Берік Мусин Айшагүлдің әлем чемпионатында лайықты өнер көрсетуге барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

– Бас бапкердің жалпы еңбегі мен тәлімгерлігінің арқасында біздің спортшымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Енді әлем чемпионаты мен халықаралық турнирлерде Қазақстанның даңқын шығаруға дайындаламыз, – деді жаттықтырушы.

Айта кетейік, Айшагүл өзінің спорттық мансабын 12 жасында бастаған. 2016 жылы бойжеткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бокс бойынша Өскемен қаласының ашық біріншілігіне алғаш рет қатысты. Содан кейін спортшы екінші орынға ие болды. Сол жылы Айшагүл бокстан 2003-2004, 2005-2006 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасындағы ашық облыстық турнирде бірінші жеңісіне қол жеткізді. 

2017 жылы Жеңіс күніне арналған бокстан облыстық турнирдің жеңімпазы атанды. Келесі жылы бойжеткен жасөспірімдер арасындағы бокстан Шығыс Қазақстан біріншілігінің чемпионы атағын жеңіп алды. 

2019 жылы Арыс қаласында өткен бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты барысында Ұлан ауданының спорт тарихында қыздар арасында бірінші болып Қазақстан чемпионы атанды және ҚР спорт шеберіне кандидат атағын қорғады.

– Биыл Чемпионатқа дайындық кезінде, әрине, карантиндік шараларға байланысты қиындықтар болды. Бірақ өз жаттықтырушыларымның басшылығымен мен әлі де табанды дайындықты жалғастырдым, жиындарға қатыстым. Енді әлем чемпионатында жақсы өнер көрсеткім келеді. Мен облыс басшылығына, жаттықтырушыларыма мені қолдап, көмектескендері үшін өте ризамын, – деп атап өтті Айшагүл Елеубаева.

Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев жас спортшыны жеңісімен құттықтап, алғыс хат, "Халық қаһарманы" медалі мен сыйлықтарын табыс етті.
Сонымен қатар, жаттықтырушысының да еңбегі бағаланып, алғыс хат табысталы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив