KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Ұландық боксшы қыз Дубайда өткен Азия Чемпионатында жүлдемен оралды

8.09.2021, 16:01 135

Біріккен Араб Әмірліктері, Дубай қаласында Жастар және жасөсіпрімдер арасында бокстан Азия Чемпионатында шығысқазақстандық боксшы Айшагүл Елеубаева күміс жүлдемен елге оралды.

Ұлан ауданының мақтанышына айналған жас спортшы - ауданның балалар-жасөсіпірмдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, бокстан ҚР Чемпионатында екі дүркін жеңімпазы, Әлем Чемпионатының жеңімпазы. Енді міне, Азия Чемпионатында да спортшы өзінің мықтығын тағы бір мәрте дәлелдеп келді.

Жеңіспен оралған Айшагүлді жерлестері, мәдениет үйінің әртістері шашу шашып, әнмен, жырмен қарсы алса, қолдарына гүл мен плакат ұстаған жас спортшылар мен жаттықтырушылар жеңімпазға жігерлі сөздер арнап, құттықтады. Одан бөлек, Айшагүлге Ұлан ауданы әкімінің атынан 150 мың теңгенің сертификатын табыстады.

-  Екінші орын алғанымды елге кеп сезініп жатырмын, анығын айтқанда, жерлестерім сездіріп жатыр. Жақындарым да мен үшін мәз-мейрам Чемпионат тартысты болды. Қарсыластарым да осал болмады, бірақ өзіме көңілім толып қайтты. Оның алдында 1 ай іріктеу кезеңі өткен еді, ол кезде біраз қиналдық, - деп әсерімен бөлісті жас спортшы Айшагүл Елеубаева. 

18 жастағы боксшы қыздың арманы асқақ, мақсаты айқын. Айшагүл ендігі 2024 жылы Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғау үшін бар күш-жігерін салмақ. Ал спортшыны әлемдік деңгейге жетелеп, шеберлігін шыңдай білген ҚР жастар арасында құрама командасының аға жаттықтырушысы Қайрат Тұрсынқанұлы.

-  2024 жылы Олимпиадаға қатысу – мақсатым. Оған үлкен дайындық қажет, жаттықтырушым екеуіміз бар күш-жігерімізді жетістікке жетуге жұмсайтын боламыз, - деп қосты боксшы қыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив