KZ
Өскемен
+4°
небольшой проливной дождь жел 5 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Ертең Шығыста қатты жел соғады, абай болыңыздар!

Фото: ашық дереккөз

23.04.2023, 17:33 310

"Қазгидромет" ақпараты бойынша 24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде (Риддер қаласы, Шемонаиха ауданы), батысында (Ұлан ауданы), орталығында (Алтай ауданы, Самар ауданы) оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с, солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 23 м/с болады деп күтілуде.

Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз екпіні 15-18 м/с болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын еске салады. Ешбір жағдайда қоғамдық көлік аялдамаларының, билбордтардың, аяқталмаған ғимараттардың, ағаштардың астында желден жасырынуға тырыспауға кеңес береді. Қатты жел кезінде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті.

Автокөліктерді әлсіз бекітілген құрылымдар мен қураған ағаштардың жанына қоймаған абзал.

Сонымен бірге отпен абай болуға, желді ауа райында от жағуға немесе шөптің түсуіне жол бермеуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив