ШҚО-да жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін
«Қазгидромет» РМК 25-27 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
25-26 сәуірде шығыста түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, 25-26 сәуірде оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен күн ашық болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Шаңды дауыл соғады, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы шығыста 15-23 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 17-25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Оқи отырыңыз