Риддерде ауа ластанады
Фото: massaget.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 12 шілдеде Павлодар, Астана, Алматы, түнде Атырау және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болатыны болжанды.
ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).