KZ
Өскемен
-18°
туман Штиль
508.91 594.36 6.33

ШҚО-да биылғы қыс қандай болады?

Фото: stan.kz

28.11.2023, 15:00 902 Ләззат Қанатқызы

Елімізде әзірге қыс қаhарына мінбей тұр. «Қазгидромет» РМК қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады. 


Қыстың алғашқы айында ауаның орташа айлық температурасы Каспийдің шығыс жағалауында 1°С-қа дейiн жоғары болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Биыл қыста ең жоғары қар жамылғысы шығыстың таулы аудандарында 25-66 см-ге дейін байқалуы мүмкін. 

- Ауа температурасы оңтүстiк-батыстан және оңтүстiктен 0-5°С-тан солтүстiкке және шығысқа қарай -13-18°С-қа дейiн төмендейдi. Ауаның ең төменгi орташа айлық температурасы Шығыс Қазақстан облысының солтүстiк-шығысында минус -20-24°С-қа дейiн болады, - дейді синоптиктер. 

Мекеме болжамына сүйенсек, өте суық жылдары ауаның орташа айлық температурасы мөлшерден 6-14°С-қа ауытқиды және республиканың солтүстiгi мен шығысында -25-27°С-қа, облыстың оңтүстiгiнде -7-12°С-қа дейiн жетедi.


Қар жамылғысының орташа биіктігі солтүстік облыстарда, оңтүстік-шығыстың тау бөктерінде және оңтүстіктің тауларында желтоқсанның аяғында 10-20 см жетеді. Ең жоғары қар жамылғысы шығыстың таулы аудандарында 25-66 см-ге дейін байқалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу