KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Семейде ер адам полицияға жалған арыз берді

15.11.2019, 06:10 186

Семей тұрғыны полицияға ұрлық жайлы жалған ақпарат бергені үшін соттлауы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

37 жастағы ер адам белгісіз біреудің оның үйінің ауласында тұрған ГАЗель көлігінен сөмке ұрлап кеткені туралы айтқан. Сөмкеде жеке құжаттары, ұялы телефоны мен 310 мың теңге мөлшерінде ақша болған. Ұрлаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуды өтініп, Әуезов полиция бөліміне арыз жазады.

Тәртіп сақшылары мұндай қылмыстың болмағанын анықтап отыр. Өзінің қылмыстық пиғылын жасыру мақсатында арыз дазғаны белгілі болды. Тергеу кезінде ер адам кінәсін толық мойындады.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу