KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Глубокое ауданының тұрғыны адамдарды жарықсыз қалдырды

3.04.2020, 01:58 92

ШҚО-да қуатты электр кабелін ұрлаған адамды полиция жедел қолға түсірді деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға Глубокое ауданының ауылдарының бірінде болған. Аудандық полиция бөліміне электр жарығы бағанынан ұзындығы 50 метр болатын қуатты кабельдің ұрланғаны туралы арыз түседі. Келтірілген залал мөлшері 121 000 теңгені құрайды.

Жедел іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні құрықтады. Ол 34 жастағы ауыл тұрғыны екен. Ұрланған кабельдерді ол түсті металл қабылдайтын орындарға өткізбек болғанын мойындады.

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив