Өскеменде автокөліктен 170 келі ет ұрланды
Өскеменнің полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғыны арызданды. Айтуынша, оның автокөлігінен белгісіз біреулер 170 келі ет ұрлап кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ұрлық түнгі уақытта жасалған. Келтірілген зардаптың мөлшері 270 мың теңгені құрайды.
Тәртіп сақшылары 35 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Ол кінәсін мойындап, ұрланған еттің жартысын қайтарып беріпті.
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз