Өскеменде тағы бір есірткі сатушы ұсталды
Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамдарының бірінде салмағы 105 грамнан асатын марихуананы өткізу фактісін анықтады.
31 жастағы жергілікті тұрғын есірткіні 27 жастағы ер адамға 38 000 теңгеге сатқаны белгілі болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР ІІМ арнайы сарбаздары, ШҚО ПД КҚО және Полиция басқармасының ЖКБ бөлімшелерімен бірлесіп күдікті отырған "ВАЗ" автокөлігін тоқтатқан. Ұстау кезінде оның скотч-лентамен оралған сөмкесі табылған. Сонымен қатар автокөлікті тінту кезінде спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті ұнтақ заты бар үш орама табылып, тәркіленді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, орамада 10 килограмнан астам кептірілген марихуана және шамамен 1,9 килограмм гашиш болған.
Ұсталғаннан кейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз