KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Үйінде есірткі жасырған Бородулиха тұрғыны ұсталды

24.03.2022, 11:14 184

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Бородулиха АПБ полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Оның үйін тінту барысында өзіне тән иісі бар жасыл түсті ішінде өсімдік заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат кептірілген марихуана есірткі заты екендігі және жалпы салмағы 1,43 грамм темекі екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК – нің 296-бабының 2-бөлігі-өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаға әкеп соғады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив