Өткен жылы жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды - ШҚО
ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылы хабар-ошарсыз кеткен әйелдің денесін тапты.
47 жастағы әйелді поиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп 5 айдан артық уақыт бойы іздеген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы 16 тамызда Ұлан ауданының тұрғыны облыс орталығындағы Үлбі полиция бөлімшесіне хабарласып, 47 жастағы әпкесі із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлап, көмек сұраған болатын.
Полицейлер аталған фактіні тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен.
Жедел іздестіру іс шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстап, ол өз кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.