Түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдер ұсталды - Өскемен
Шартты сурет
Облыс орталығында 15-17 ақпан аралығында өткізілген “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Полиция қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандар баруы мүмкін деген нысандарға, ойын компьютерлік клубтарында, түнгі клубтарға тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, балаларының түнде заңды өкілдерсіз үйден тыс болғаны үшін 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ тағы екі ата-ана балалардың ойын-сауық орындарында болғаны үшін, төрт адам бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік тәртіппен жазаланды.