KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-да 19 жастағы тұрғын заңсыз қару сақтаған

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

25.09.2023, 19:14 112 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық полиция қызметкерлері 19 жастағы тұрғындардың бірінен рұқсат етілген құжаттары жоқ қару тауып, тәркіледі.

Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген қару 18*45 мм калибрлі "Оса" ұңғысыз травматикалық тапаншасы екені анықталған, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі (заңсыз атыс қаруын сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес ұсталған адамға 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен жазалануы немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив