ШҚО тұрғыны танысының көлігін заңсыз иемденіп алған

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО тұрғыны танысы дүкенде болған кезде көлігін заңсыз иемденіп алған.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 500 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері іздеу шараларын жүргізу барысында ұрланған көлікті тауып, күдікті деп танылған 32 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындап, көлік иесіне қайтарылған.а
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК –нің 200-бабы 1-бөлігі, яғни "Көлікті заңсыз иемдену" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.