ШҚО полицейлері 22 бірлік тіркелмеген қаруды тәркіледі
15-19 тамыз аралығында облыс аумағында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде заңсыз айналымнан 22 бірлік қару, 800-ден астам патрон алынды.
- Бұдан басқа, іс-шара шеңберінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша 2 500-ден астам қару иелерін тексерді, олардың ішінде 56 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде: қаруды заңсыз сақтағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы) - 20; сақтау ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы) – 29, тіркеу ережелерін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы) -7. Ойық және травматикалық қаруды тәркілеу фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.