KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

«Браконьер»: Полицейлер 30-дан астам заңбұзушылықты анықтады

21.10.2021, 20:43 149

Браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізілуде.

Жедел алдын алу іс - шарасының 2 күнінде 37 рейдтік іс - шара өткізіліп, табиғат қорғау заңнамасындағы 33 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде аң аулау ережелерін бұзғаны үшін - 20, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін – 13 іс бар.

- Енді ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша 2 сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив