Сауда павильонының сөресінен сөмке ұрланды - Өскемен
Наурыз айының басында Өскемен қаласының полиция басқармасының Ертіс полиция бөліміне полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаланың 42 жастағы тұрғынының сөмкесі ұрланеғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Сөмке ет павильонының ішіндегі тауық өнімдерін сататын бөлімнің сөресінен ұрланған. Сөмке ішінде жалпы құны 180 000 теңге тұратын екі ұялы телефон, сондай-ақ банк картасы бар әмиян, жеке куәлік болды. Келтірілген жалпы шығын 180 000 теңгені құрады.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотталған Глубокое ауданының 40 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді, ол жауап алу кезінде мойындады. Іс бойынша ұрланған мүлік тәркіленді, - ШҚО ПД баспасөз қызмет.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.