Көлікті шағып, иесін соққыға жыққан бұзақы ұсталды - Семей
Семей қаласы тұрғынының көлігін шағып, өзін соққыға жыққан бұзақы ұсталды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 45 жастағы ер адам бейтаныс біреудің бұзақылық ниетпен «Toyota» маркалы көлігінің алдыңғы әйнегін шағып, онымен қоймай өзін соққыға жыққанын айтты. Оқиға қала көшелерінің біріндегі аулада болған.
- Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері 30 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.