KZ
Өскемен
-13°
пасмурно Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да лауазым иелерін пара беруге азғырған екі адам сотталды

21.01.2021, 11:43 331

Былтыр Риддер қаласында Олимпиадалық резервтік мектеп-интернатына арналған оқу ғимаратының құрылысын салу кезінде спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының екі орынбасары ірі сомада қаржы жымқырғаны үшін істі болып ұсталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы комитеттің тағы екі лауазымды тұлғасы сыбайласымен бірге қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға көмектесеміз деп істі болғандардан 40 миллион теңге сұраған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер оларды пара алып жатқан жерінен ұстап, тергеу-тексеруді бастаған.

Таяуда осы іс бойынша сот үкімі шығып, пара беруге азғырған және алаяқтық жасауға оқталғандар сотталды.

– Сот үкімімен Баймадиев 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаумен және Басболатов 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаумен, екеуі де мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен сотталды, - дейді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасар Жігер Байділдин. 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу