KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 7 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

«Менің мектебім» жобасы: Зайсанда 53 кабинет ашылды

Шартты сурет

4.04.2023, 13:04 510 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданында «Менің мектебім» жобасы аясында демеушілікпен 53 жаңа кабинет ашылған.
Жалпы, аудан бойынша қазір 27 білім ордасы жұмыс істейді, оның 16-сы шағын жинақты мектеп, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың сапалы білім алуы үшін заманауи мектепте оқуына жағдай жасау керектігін баса айтқан болатын.

– Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады, – деді Президент.  


Қазір Зайсан ауданында мектеп түлектері мен сол мектепте қызмет еткен жандардың демеушілігімен «Менің мектебім» жобасы дәстүрлі түрде жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қазірдің өзінде ауданда демеушілікпен 53 жаңа кабинет ашылып отыр. 
Сондай-ақ былтыр Кеңсай орта мектебінің терезе, есік, шатыры жөндеуден өткен болатын. Ал биыл мектептің жылу жүйесін толық жөндеу үшін сметалық құжат әзірленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу