KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Зайсанда жаңа атшабар алаңы ашылды

2.05.2023, 14:28 462 Ләззат Қанатқызы

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Зайсан ауданына қарасты Сарытерек ауылдық округінде жаңа атшабар алаңының ашылу рәсімі өтті.

Ашылу рәсімінен кейін көкпар, бәйге сынды ұлттық спорт ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мерекелік шараға Зайсан ауданынан бөлек Тарбағатай, Күршім аудандарынан атбегілер мен балуандар келіп, спорттық жарыстардың көркін қыздырды.

Нәтижесінде құнан бәйгеден III орынды «Ақбақай» Әшім Юсуф алса, II орынға «Алау» Ринат тұрақтады, ал I орынды оқ бойы озық шыққан «Қабылан» Қайрат иеленді.

Тай жарысынының қорытындысы бойынша, I орынды «Батыр» Дәлелхан Каменханұлы, II орынды «Жұлдыз» Алимов Берік, III орынды «Дубай» Қабдылов Болат иеленді. Ұлттық спорт түрлерінен тартысты өткен жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу