KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Өскеменде Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өтеді

5.05.2023, 11:18 512 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар легі жоспарланып отыр.

9 мамыр күні сағат 11.00-де – «Жеңіс» мемориалдық кешенінде (Стрелка) ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қала тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралаға шақырамыз, – дейді қала әкімдігі.

Бағдарламада театрландырылған қойылым, концерттік іс-шара, гүл шоқтарын қою рәсімі жоспарланған.

сағат 09.30-да - Әскери әндерінің трамвайы.

сағат 11.00-де - Гүл қою.

сағат 12.00-де - Соғыс жылдарындағы әндер концерті, сарбаз ботқасы.

сағат 18.00-де - Кешкі мерекелік концерт.

сағат 21.00-де - «Шырақ жағу» акциясы.

сағат 22.00-де - Мерекелік отшашу.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу