KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 5 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Абай облысы: Өрт сөндіру көлігі жанып кетті

Видеодан скринделген сурет

12.06.2023, 10:59 208 Ләззат Қанатқызы

Абай облысындағы орман өртінің беті әлі де қайтар емес. Керісінше, тілсіз жау тез таралып жатыр.

11 маусым күні кешке орман өртін ауыздықтау барысында Қарағандыдан барған өрт сөндіру көлігі жанып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, алапат өртті сөндіру үшін еліміздің бірнеше облысынан өрт сөндірушілер мен құтқарушылар көмекке келген болатын. 

Кеше Талица ауылының маңында арнайы көлікті өрт шарпыды. Абырой болғанда, зардап шеккендер болған жоқ.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, орман өртін сөндіруге 1500 адам, 300-ден астам техника және 14 тікұшақ жұмылдырылған.

Сонымен қатар өрт сөндірушілерге әскерилер мен еріктілер де қол ұшын созуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив