KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Абай облысындағы өрт кезінде тағы бір адам жоғалып кетті

Фото: oo_osa_semey_vko

12.06.2023, 10:37 444 Ләззат Қанатқызы

Абай облысында орман өртін ауыздықтау кезінде тағы бір адам жоғалып кетті.

Долан орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архипов 9 маусымнан бері хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламаларға сүйенсек, 1987 жылы туған орман шаруашылығы қызметкері Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге барған.

 "Іздестіру жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі – F 937 ARE. Шақыру белгісі – "Марал 61". Қаштаққа "Семей орманы" резерватының Долан бөлімшесінен орман өртін сөндіруге кеткен. Соңғы рет 9-ы күні хабарласқан. Содан бері хабар-ошар жоқ. Көрген-білгендер болса, +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз", – делінген ақпаратта.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив