ШҚО-да 300-ден астам баспана қолданысқа беріледі
Фото: baulo.club
Тарбағатай ауданында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 21 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Аудан басшылығының сөзіне сүйенсек, баспанамен аз қамтылған отбасыларды, дәрігерлер мен мұғалімдерді және басқа да бюджеттік сала мамандарын қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы аудан орталығы мен Жаңаауыл, Маңырақ, Құйған, Жетіарал және Жалаңаш ауылдарында аталмыш бағдарламамен барлығы 21 үй бой көтерген болатын.
Биыл Ақжар, Маңырақ, Қарасу, Тұғыл ауылдарында 339,8 млн теңгеге тағы 21 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Айта кету керек, ағымдағы жылы жалпы облыс көлемінде «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 316 үй бапананы қолғанысқа беру жоспарланып отыр.